Ресейде мигранттарды күшейтілген түрде тексеру басталған. Келушілердің сөздерінше, жолдарда полиция көліктері көбейген. Күш құрылымдары өкілдері таксилерді тоқтатып, мигранттарды жаппай тексеріп жатыр.
Тәжікстанда мақта теру науқаны басталды. Оңтүстік өңірде бір тоннаға жуық мақта жиналған.
Грузия президенті Саломе Зурабишвили парламент сайлауын 26 қазанда өткізу жөнінде бұйрыққа қол қойып, бұл сайлау Еуропа мен Ресей арасындағы таңдау болмақ деді.
31 тамыз Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне орай Ала-Тоо алаңында өтетін концертке шақырылған ресейлік әншілерге қатысты елдің мәдениет министрі Алтынбек Мақсұтов "Кабар" агенттігіне сұқбат берді.
Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Құқық бұзушылық жөніндегі кодекске БАҚ және әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандарға айыппұл салуды көздейтін өзгерістер енгізуді ұсынады.
26 тамызда Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 31 жастағы Өзбекстан азаматы Әлішер Сапаровты Қылмыстық кодекстің "Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері" бабымен кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырды.
27 тамызда үкімет мүшелері Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша референдум өткізуге байланысты қаулыға дауыс беріп, бірауыздан қабылдады. Референдум қашан өтетіні әзірге белгісіз.
Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз.
Қырғызстан омбудсмені Жәмила Жаманбаева Ошта бір айдан аса уақыт бойы жыныстық құлдықта болған 15 жастағы қыздың құқығын қорғауға шақырды.
"Тәжік сирек металдар" компаниясы мен "Қазатомпром" уран, сирек кездесетін металдар өндірісін арттыру жөнінде меморандумға қол қойды.
Qanot Sharq жекеменшік әуе компаниясына тиесілі Airbus A-320-214 Стамбұлдан Самарқанд қаласына ұшып шығып, 26 тамызда кешке Түркияның Амасья ауданындағы Мерзифон әуежайына қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Загрузить еще