"Ресейге құлдық пен Еуропамен ынтымақтастық арасында таңдау болады; Ресейге мойынсұну өз жанын сату немесе Грузияның тарихын, талантын еркін және бейбітшілік ортада паш етіп, Еуропамен терезесі тең мемлекет болу. Мұндай таңдау екінші рет болмайды", - деді Зурабишвили.
Грузия мемлекет басшысының сөзінше, оппозициялық партияларда жеңіске жетуге ресурстар мен жағдайы жоқ. Сол себептен оларды бірігіп, ынтымақтасуға шақырды.
Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе болса алдағы сайлау жөнінде "соғыс пен бейбітшілік арасындағы референдум" деп атаған.
150 депутаттан тұратын Грузия парламентіне сайлау бірінші рет пропорционалды жүйеде өткелі жатыр.
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили негізін қалаған "Біріңғай ұлттық қозғалыс" партиясы биліктің "Грузин арманы" партиясына басты оппонент болғалы тұр.