Ссылки доступа

Стамбұлдан Самарқанға ұшып шыққан ұшақ жарты жолда қонуға мәжбүр болды


Qanot Sharq жекеменшік әуе компаниясына тиесілі Airbus A-320-214 Стамбұлдан Самарқанд қаласына ұшып шығып, 26 тамызда кешке Түркияның Амасья ауданындағы Мерзифон әуежайына қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Түрік баспасөзінің мәліметінше, бортында 152 адам бар ұшақ салонда қысымның күрт түсіп кетуіне байланысты жерге қонған. Компанияның хабарлауынша, ұшақтағы жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шекпеген.

Әуе компаниясы Түркияға жолаушыларды алып кету үшін қосымша ұшақ жіберілгенін хабарлады. Жолаушылар Мерзифоннан Самарқанға 27 тамызда таңертең жетті.

Бұған қоса, әуе компаниясы 27 тамызда төрт рейс техникалық себептерге байланысты жасалмайтынын мәлімдеді.

Жолаушыларға билет ақысы қайтарылады. Олар әуе компаниясынан бір жыл ішінде бір билетті тегін ала алады.

XS
SM
MD
LG