Ссылки доступа

Ошта 15 жастағы қызды бір айдан аса уақыт бойы жыныстық құлдықта ұстаған


Қырғызстан омбудсмені Жәмила Жаманбаева Ошта бір айдан аса уақыт бойы жыныстық құлдықта болған 15 жастағы қыздың құқығын қорғауға шақырды.

Бұл туралы омбудсмен институтының баспасөз қызметі хабарлады.

Қыздың құлдыққа түсіп қалғанын Жаманбаеваға оны қорғаушылар айтқан. Жәбірленушінің өкілі Жахангир Сайфуллаев жас қызды айтқанын істемегені үшін жазалап, оны видеоға түсіріп отырған дейді.

"Қызды түрлі ер азаматтарға сатқан. Оның өмірі тозаққа айналған" дейді Сайфуллаев.

Жас қызды қалай қорлағаны туралы видео мессенджерлер арқылы тарап жатыр. Омбудсмен құқық қорғау органдарынан адам саудасының құрбанын қорғауды талап етті.

"Балаларды сатумен айналысқандар қатаң жазалануы тиіс. Жантүршігерлік қылмысқа қатысы бар адамдардың бәрі жазалансыз" деп мәлімдеді омбудсмен.

Ақиқатшы институтындағылардың айтуынша, қыз қатты қорқып қалған, сол себепті оған ұзақ уақыт емделу қажет. Оны қорлағандардың бәрі әлі бостандықта жүр.

Қырғызстан бас прокуратурасының мәліметінше, 2023 жылы кәмелет жасқа толмаған азаматтарға қатысты 406 ауыр және аса ауыр қылмыс жасалған. 160 қылмыстық іс адам зорлауғаны үшін қозғалған.

XS
SM
MD
LG