Ссылки доступа

Қазақстан мен Тәжікстан уранды бірлесіп өндіруге келісті


Уран
Уран

"Тәжік сирек металдар" компаниясы мен "Қазатомпром" уран, сирек кездесетін металдар өндірісін арттыру жөнінде меморандумға қол қойды.

Құжат 22 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға сапары барсында қабылданды. Бұл туралы "Қазатомпромның" баспасөз қызметі хабарлады.

Меморандум екі елдің тау-кен өндірісінде стратегиялық әріптес болуын қарастырады.

Жақында "Тәжік сирек металдар" компаниясының өкілдері Қазақстанға келіп, "Қазатомпром" өндірістерімен танысады.

"Қазатомпром" - уран өндірумен айналысатын әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. 2023 жылы компания әлемде өндірілген уранның шамамен 20 пайызын шығарған. Оған 26 кеніш, 14 бірлескен кәсіпорын қарайды.

"Тәжік сирек металдар" - мемлекеттік кәсіпорын. Оған зиянды қалдықтар қоймалары мен Тәжікстандағы уран кеніштері қарайды.

XS
SM
MD
LG