Тәжікстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл мақта алқабы 8,6 мың гектар жерге кеңейіп, жалпы 75 мың гектар жерді алып жатыр.
"Asia-Plus" басылымы фермерлерге сілтеме жасап, биылғы аптап ыстық мақтаның бітік шығуына жақсы әсерін берген деп жазады.
Мақта өсіру Тәжікстан экономикасының маңызды секторы. Елдің 20 процент халқы мақта-мата өндірісінде жұмыс істейді.
Былтыр 430 тонна мақта жинаймыз деп жоспарлаған, бірақ 350 мың тонна мақта жиналған.
Биыл тәжік үкіметі 430 мың тоннадан астам мақта жинаймыз деп жоспарлап отыр.