Ресей өкілдерімен Өзбекстанда атом электр станциясын салу жөніндегі келіссөздер жалпы мәлімдемелер әрі аспады. «Өзатом» басшысы Әзім Ахмедхожаев журналистер сұрағына осылай деп жауап берді.
Ресейде Орталық Азиядан келген еңбек мигранттарын тексеру күшейген уақытта азаматтар қоғамдық орындарға, соның ішінде асханаларға барудан қорқып қалды.
Қырғызстан білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, Қырғызстанның барлық өңірінде «Ұраным – Манас» республикалық байқауы аясында оқушылар жаппай қатысатын шаралар «қауіпсіздік мақсатында» өтпейтін болды.
Осман Құраны («Ташкенттік Құран») – VII ғасырда бұғы терісіне жазылып, осы күнге дейін сақталған көне Құран қолжазбасы. Мамандар оны реставрациялап жатыр.
Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Тәжікстандағы жаңа елшісінің аты-жөні мәлім болды.
Атырау облысы Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспананың шығынын өтеуді талап етіп, орталық алаңға жиналды. Кешкі сағат сегізде жиналған жұрт түнгі сағат 1-ге дейін тарамады.
Израиль армиясының Газа секторындағы әскери операциясына байланысты Түркия Израильмен тауар импорты мен экспортын доғарды. Бұл жөнінде екі түрік шенеунігіне сүйенген Bloomberg басылымы жазды. Сауда операциялары толық тоқтағаны жөнінде ресми ақпарат әзірге шықпады.
Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз.
Қырғызстан мен Тәжікстан шекара мәселесін шешу үшін жер алмасу жолдарын да қарастырып көруге болады. Бұл жөнінде Қырғызстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманкулов ұлттық "Кабар" агенттігіне берген сұқбатында айтты.
Ресейдің Курск облысында мигранттарға таксиде жұмыс істеуге тыйым салынды. Тиісті бұйрыққа облыс губернаторы Роман Старовойт қол қойды.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев үшінші рет өтіп жатқан Ташкент халықаралық инвестициялық форумның ашылуында сөз сөйлеп, шетелдік инвесторлармен әріптестікті кеңейтудің мүмкіндік беретін бағыттарын атады.
Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі азаматтарына арнайы себептер болмаса, Ресейге бармай тұруға шақырады.
Загрузить еще