Ссылки доступа

Ташкентте Құранның көне қолжазбасын реставрациялап жатыр


Өзбекстан мәдениет пен өнерді дамыту қоры жариялаған сурет
Өзбекстан мәдениет пен өнерді дамыту қоры жариялаған сурет

Осман Құраны («Ташкенттік Құран») – VII ғасырда бұғы терісіне жазылып, осы күнге дейін сақталған көне Құран қолжазбасы. Мамандар оны реставрациялап жатыр.

Бұл туралы Өзбекстан мәдениет пен өнерді дамыту қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Бірнеше халықаралық сарапшы, солардың арасында Кембридж университетінен келген Кристи Роуз, Франция және Түркия мамандары қолжазбаның әрбір бетін мұқият тексеріп, реставрациялау жоспарын кезең-кезеңімен жүзеге асырады, Құранды әрі қалай қалай сақтау керектігі туралы кеңес береді.

Кітап Ташкентте Хазрати Имам ансамблі құрамына кіретін Муйи Мүборак медресесінің мұражай-кітапханасында сақталған. Қолжазба VII ғасырда үшінші халиф Осман ибн Аффанның жарлығымен хиджаз хатымен дайынжалған.

Құранды XIV ғасырда Ирактан Самарқанға Әмір Темір алып келген. Қолжазба ұзақ уақыт Самарқанда сақталған. Ресей патшалығы Орталық Азияның жаулап алған соң Түркістан генерал-губернаторы Константин фон Кауфман 1869 жылы қолжазбаны Петербург апарған.

1917 жылы Ресейдегі төңкерістен кейін Ташкент пен Сырдариядағы ғалымдар талабымен 1923 жылы Құранды Өзбекстанға қайтару туралы арнайы жарлық қабылданған. Қолжазға осы елге 1924 жылы қайтқан.

1997 жылы ЮНЕСКО Құранның осы қолжазбасын «Әлем естелігі» тізіміне қосқан.

XS
SM
MD
LG