Ссылки доступа

«Өзатом»: Өзбекстан АЭС-ке қатысты Ресеймен түпкілікті шешім қабылданған жоқ


Өзбекстанның Жизақ облысында АЭС салынуы мүмкін орын
Өзбекстанның Жизақ облысында АЭС салынуы мүмкін орын

Ресей өкілдерімен Өзбекстанда атом электр станциясын салу жөніндегі келіссөздер жалпы мәлімдемелер әрі аспады. «Өзатом» басшысы Әзім Ахмедхожаев журналистер сұрағына осылай деп жауап берді.

«Біз қазір жай ғана келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жалпылама мәлімдемелерден басқа нақты ештеңе жоқ. Ресей жағы да жалпылама мәлімдеме жасап, бірақ қосымша мәлімет беріп, басқаша астарлап жүр. Бірақ қазір нақты ештеңе жоқ. Жалпылама мәліметтер ғана» дейді Өзбекстан атом энергетикасын дамыту жөніндегі агенттік директоры.

Өткен аптада «Росатом» корпорациясы бас директорының бірінші орынбасары Кирилл Комаровтың айтуынша, Өзбекстанмен АЭС құрылысына қатысты келіссөздер «әжептәуір сәтті» өтіп жатыр.

«Біз осы жобаны жүзеге асыруға кез келген уақытта дайынбыз» дейді «Росатом» өкілі.

Өзбекстан энергетика министрі Журабек Мирзахмудов былтыр қарашада Ташкент АЭС құрылысына қатысты Ресей «тәжірибесі мен технологиясын» ғана емес, басқа да елдерді де қарастырып жатыр деп мәлімдеген.

Ташкент пен Мәскеу 2018 жылғы қыркүйекте Өзбекстанда АЭС салуға қатысты әріптестік туралы келісімге қол қойған.

XS
SM
MD
LG