Ссылки доступа

Қырғызстанда қайғылы оқиғадан соң «Ұраным - Манас» оқушылар байқауы аясындағы шаралар өтпейтін болды


Қырғызстан білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, Қырғызстанның барлық өңірінде «Ұраным – Манас» республикалық байқауы аясында оқушылар жаппай қатысатын шаралар «қауіпсіздік мақсатында» өтпейтін болды.

Министр Доғдыркүл Кендірбаева 3 мамырда Созақ ауданына барып, «Манас» жырын оқу кезіндегі қайғылы оқиғадан зардап шеккен балалардың халін білді.

«Министрлік медициналық мекемелер мен басқа да ұйымдармен тығыз жұмыс істеп, балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсетеді» деп хабарлады білім министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, 2 мамырда Жалал-Абад облысы Созақ ауданы Жерге-тал ауылында оқушылардың көпшілік шарасы кезінде Hyundai Porter жүк көлігі ондаған баланы басып кетті. Құқық қорғау органдары автокөліктің 48 жастағы қожайынын ұстады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Жалал-Абад облыстық балалар ауруханасында 12 бала жатыр. Жансақтау бөліміне орналастырылған бес баланың жағдайы ауыр.

Апаттан зардап шеккен төрт бала Октябрь медициналық орталығына, үшеуі Созақ аудандық ауруханасына түсті. Тағы бір бала Жалал-Абад облыстық клиникалық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалады.

XS
SM
MD
LG