Ссылки доступа

Ұлыбритания Тәжікстанға жаңа елші тағайындады


Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Тәжікстандағы жаңа елшісінің аты-жөні мәлім болды.

Ұлыбритания үкіметінің сайтында 2 мамырда Душанбеде Тим Джонсты Кэтрин Смиттон алмастыратыны туралы мәлімет жарияланды. Джонс осы елдегі елші қызметін 2021 жылғы қарашадан бері атқарып келді.

Кэтрин Смиттон Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Душанбедегі елшісі міндетін 2024 жылы қазаннан бастап атқара бастайды. Бұған дейін ол Алжир, Непал және Пәкістанда ағылшын дипломатиялық миссиясында істеген.

Тәжікстанға жаңа елші тағайындалғаны туралы мәлімет Ұлыбритания сыртқы істер министрінің Душанбеге сапарынан бір аптадан кейін жарияланды. 22 сәуірде Дэвид Кэмерон Душанбеде президентпен, сонымен бірге Тәжікстанның басқа да жоғары лауазым өкілдерімен кездескен.

XS
SM
MD
LG