Ссылки доступа

Мәскеуде мигранттар көп баратын асханалар жабылып жатыр (видео)


В Москве закрыта большая часть популярных среди мигрантов точек общепита
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:44 0:00

Ресейде Орталық Азиядан келген еңбек мигранттарын тексеру күшейген уақытта азаматтар қоғамдық орындарға, соның ішінде асханаларға барудан қорқып қалды.

Кафелер мен асханалардың кейбірінің қожайындарының хабарлауынша, мұндай жағдай олардың кәсібіне де әсер етті. Репортажда сөйлеген адамдардың аты-жөні жеке қауіпсіздігі мақсатында өзгертілді.

Мәскеуде «Крокус Сити Холл» концерт залына жасалған шабуылдан кейін еңбек мигранттары көп баратын кафе, асханаларды тексеру жиіледі. Соның салдарынан асханалардың кейбірі жұмысты тоқтатуға мәжбүр. Нақты қанша орын жабылғаны белгісіз.

Өзбек мигранты Сардардың айтуынша, кафелер мен асханалар полиция тексеруі көбейгеннен кейін жабылып жатыр. «Басқа қалаларда қалай екенін білмеймін, бірақ Мәскеуде кафелер мен фастфудтардың 75 пайызы жабылды» дейді ол.

Сардардың Мәскеуде шағын кафесі бар. Ол да уақытша жұмысты тоқтатты. Оның кафесіне көбіне Орталық Азия азаматтары келеді.

«Жүз адамның орнына елу адам ғана келді деп ойлаңыз. Тамақ қалып қояды, оны тастау керек. Ертесіне елу емес, бар болғаны 25 адам ғана келеді. Жұмысты тоқтата тұру керектігін түсіндік» дейді Сардар.

Еңбек мигранты Азаматтың айтуынша, қазір көшеде, метрода азаматтардың құжаттарын тексеріп жатыр. «Көбіне өзбектер мен тәжіктерді ұстайды. Өзім де ксенофобияға тап болдым. Дүкенде су сатып алуға кіргем, орыс әйел маған қызмет көрсетуден бас тартты. Ол: «Бәрің содырсыңдар» деп айыптады» дейді еңбек мигранты.

«Шайханаларды тексеріп жатыр. Құжаттары жоқтарға айыппұл салды. Бұрын көп адам келетін, қазір адам жоқ десе болады».

«Тәжіктердің кафесі көп, бірақ оларды қайта-қайта тексеріп, қысым көрсетіп жатыр. Сол себепті олар жабылып жатыр».

Мәскеу полициясының мәліметінше, 10 сәуірге дейін көші-қон заңдарын бұзған 6 мыңнан астам адам анықталған. Жүздеген мигрант депортацияланған, бірқатарына айыппұл салынған, кейбірі қамауда отыр.

XS
SM
MD
LG