Ссылки доступа

Ресейдің Курск облысында мигранттарға таксиде жұмыс істеуге тыйым салынды


Ресейдің Курск облысында мигранттарға таксиде жұмыс істеуге тыйым салынды. Тиісті бұйрыққа облыс губернаторы Роман Старовойт қол қойды.

Старовойт облыс тұрғындары арасында сауалнама жүргізілгенін, оған 42 мың адам қатысып, 82% "мигранттардың таксист болып істеуіне қарсы" жауап бергенін телеграмға жазды.

"Басқа сала бойынша да жағдайды тексеріп көреміз. Бірақ Курск облысында мигранттар көп емес. Әрбір адамға заңға сәйкес Ресей азаматтығын алуға, қалаған салада жұмыс істеуге мүмкіндігі бар", - деді губернатор.

Осыған дейін Новосибирск облысында еңбек мигранттарына таксист болып істеуге, алкоголь өнімдері мен темекі сатуға тыйым салынған, Камчаткада патентпен жұмыс істейтін мигранттарға такси жүргізушісі болып істеуге тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG