Ссылки доступа

Өзбекстан мен Германия көші-қонға қатысты келісімге қол қойды


Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі таратқан сурет
Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі таратқан сурет

15 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Германия канцлері Олаф Шольц Самарқанд қаласында келіссөз жүргізді. Кездесу барысында олар көші-қонға қатысты келісміге қол қойды. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, Германия канцлері Олаф Шольц екі күндік сапармен Өзбекстанда жүр.

Канцлердің ресми сапары кезінде 8 құжатқа қол қойылды. Олардың арасында көші-қон саласына қатысты үкіметаралық келісім бар.

Келіссөздер барысында тараптар Өзбекстан мен Германияға қажетті мамандарды бірлесіп дайындаудың "жол картасын" дайындауға келісті.

Өзбекстан аймақтарда неміс білім беру жүйесін енгізуді көздеп отыр. Бұған қоса, болашақта Германиядағы жоғары оқу орындарында факультеттер мен филиалдар ашуы мүмкін.

Өзбекстан президенті жастардың неміс тілін оқуға ынтасы жоғары екенін, осы тілді елде 300 мыңға жуық жас азамат меңгергенін атап өтті.

Германия Өзбекстанның аймақтарында тіл үйрететін мұғалімдерді дайындауға көмектесуге ынталы.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы Өзбекстан мен Германия арасындағы сауда көлемі 1 миллиард еуродан асқан. Жыл басынан бері неміс компаниялары Өзбекстан экономикасына 800 миллион еуро құйған.

XS
SM
MD
LG