Ссылки доступа

Мәскеуде Украинаға соғысқа жіберілгендердің әйелдері мен аналары акцияға шықты


8 шілдеде Украинаға соғысқа мобилизацияланған ресейліктердің әйелдері мен аналары қорғаныс министрлігінің Мәскеудегі ғимараты алдында жиналды.

Олар Ресейдің қорғаныс министрі Андрей Белоусовпен кездесуді, мобилизацияланған күйеулерін, балаларын және туыстарын қайтаруды талап етіп, талаптары орындалмайынша, кетпейтінін білдірді.

Түске жақын бірнеше белсендіні қорғаныс министрлігінің өкілі қабылдаған. Оларға қандай да бір жеңілдік жасалатынын айтып, бірақ соғысқа кеткендерді үйіне қайтару жөнінде ештеңе айтпаған.

Көп етпей, ол жерге кремлшіл "Путин отрядтары" келіп, акцияға шыққандарға су және балмұздақ таратқан.

Түстен кейін полиция жасағы келіп, оларды күшпен тарата бастаған. Куәгерлердің айтуынша, "Путин отрядтары" өкілдері акцияға шыққандарды полицияға ұстап беруге көмектескен.

XS
SM
MD
LG