Украина президенті жаңа зымыранды елдегі ең алғашқысы деп атады. Ол зымыран сынағы туралы мәліметті жариялау-жарияламу жағын көп ойланғанын мойындады. "Ол туралы айтуға ерте деп ойладым. Бірақ тәулік бойы қорғаныс кәсіпорындарында жұмыс істейтін азаматтар білсін деп әдейі айттым" дейді Зеленский.
2023 жылғы қыркүйекте Украина қашыққа ұшатын жаңа зымыранды сынағанын мәлімдеген. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов зымыран ұшқан сәтте түсірілген видеоны әлеуметтік желілерге жариялаған.
Сол кезде оның "Нептун" қанатты зымыраның жетілген түрі болса керек деген болжам жасалған. Зымыранның мұндай түрі 2000-жылдардың басында өндіріле бастаған. Киев оны Ресей шабуылын тойтару үшін пайдаланып жүр.
Украина совет үкіметі құлағаннан кейінгі уақытта баллистикалық зымыран шығармаған. "Южное" конструкторлар бюросы "Гром" тактикалық зымыран кешенін дайынтаумен айналысқан. Жобаны Сауд Арабиясы қаржыландырған. 2022 жылдан кейін осы жоба туралы хабар болмады.