The Philadelphia Inquirer басылымының Ресеймен келіссөз жүргізуге қатысты сауалына Зеленский былай деп жауап берген: «Шешім қабылдауға көмектесетін әдісті табуға болады. Осындай әдіс алғаш рет астық дәлізі жөніндегі келіссөздер кезінде қолданылған. Сол кезде Украина Ресеймен емес, БҰҰ және Түркиямен келіскен. Олар әуелі бізден келісіп алып, содан кейін Ресеймен келісімге отырған. Екі түрлі келісімге БҰҰ мен Түркия арағайын болды. Аумақ тұтастығы, энергетика, теңіз қатынасы мәселелерінде де осындай әдісті пайдалануға болады. Әзірге бізде осындай әдіс қана бар».
Бұған қоса, Зеленский Батыс елдерімен Украинаға алысқа ұшатын зымырандар жеткізу, солардың көмегімен Ресей аэродромдарын атқылауға рұқсат алу мәселелері бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын айтты. Ол украин қалаларын толассыз атқылап жатқан жаудың әуе бомбаларын ең басты қауіп деп атаған.
Бұның алдында Кремль Украинамен бейбіт келіссөз жүргізуден бас тартпайтынын мәлімдеген. Бірақ ол үшін Украина НАТО-ға мүше болудан бас тартып, елдің облысы мен аннексияланған Қырымды Ресейдікі деп тануы тиіс. Зеленский Кремль талабын «ультиматум» деп атаған.