Ресейде қамауда отырғандар соғысқа бару үшін Ресей президенті Владимир Путиннің рақымшылығын алып, "жасаған қылмысының күнәсін жауып-шаю үшін" майданға аттануға келісетінін растап, қол қойған. Содан кейін оларды жарты жылға Украинада соғысып жүрген "Шторм Z" отрядына жіберген.
Сот шешімдерінде "келісім беру келісім-шартқа жатпайтыны", ал "Шторм Z" құрылымы "өз еркімен соғысқа барғандардың жасақтарынан" бөлек екені айтылған. Сол себепті бұларға өз еркімен майданға барғандар алатын ақы мен жеңілдік берілмейді.
Телеарна мәліметінше, Ресей қорғаныс министрлігі "Шторм Z" жауынгерлеріне бөлек ақы тағайындаған. Құжаттарға сәйкес, олар келісім-шартпен соғысқандардан бірнеше есе төмен ақы алған. Соғыста қаза болғандарға төленетін ақы бір болғанымен, олардың туыстарына бірнеше миллиондық сақтандыру ақысы төленбейді.
Путин рақымшылық берген кем дегенде 246 адам Украинадағы соғыстан қайтап оралғаннан кейін кісі өлтіру немесе өлімші етіп ұру секілді ауыр қылмыстар жасаған. Олардың үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалған.