Ссылки доступа

Дереккөз: АҚШ-та Тәжікстан азаматтарын ұстау екі ай бұрын басталған


АҚШ билігі Лос-Анджелесте, Нью-Йоркте және Филадельфияда Тәжікстанның 8 азаматын ұстағанын хабарлаған, бірақ Душанбе билігі әзірге үнсіз.

11 маусымда америкалық баспасөз олардың бәрі «Ислам мемлекеті» террористік тобына байланысы бар деген күдікпен ұсталғанын жазды.

Нью-Йорктегі тәжік диаспорасындағы дереккөздердің бірінің Азаттықтың Тәжік қызметіне хабарлауынша, Нью-Йорк, Филадельфия, Лос-Анджелес, Финикс, Эль-Пасо және басқа да қалаларда Тәжікстан мен Орталық Азияның басқа да елдерінің мигранттарын ұстау екі ай бұрын басталған.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, осы уақыт аралығында «20 адам, соның ішінде 16 тәжік азаматы» ұсталған, бірақ кейін бірқатары босатылған.

«Бір ай бұрын Нью-Йоркте ұсталған адамды танимын. Ол белсенді болатын. 10 жылдан астам уақыт бойы Орталық Азия елдерінен келетін мигранттарға Америкада қалу жолдарын іздеуге көмектесіп жүрген. Оның ешқандай экстремистік топқа қатысы жоқ. Бәлкім, «күдікті мигранттарға көмектескен шығар» дейді дереккөз.

Азаттық осы мәліметті ресми дереккөздер арқылы растауға талпынып жатыр.

11 маусымда АҚШ-та Тәжікстанның сегіз азаматы ұсталғаны мәлім болды. Оларды ресми түрде елдің көші-қон тәртіптерін бұзды деген айыппен ұстаған. Қазір оларды ел аумағынан депортациялау жөніндегі жұмыстар атқарылып жатыр.

Кейінгі екі жылда Тәжікстаның жүздеген мигранты АҚШ-қа Мексика арқылы заңсыз кіріп, сол елден пана сұраған. Бірақ жақында жергілікті билік иммигранттардың елге кіру тәртібін қатайтты.

XS
SM
MD
LG