Оның сөзінше, Пхеньян алғаш жүкті кемелер арқылы жеткізіп келсе, қазір темір жолды көбірек пайдаланып жатыр.
"Солтүстік Корея бұл әскери қолдау үшін Ресейден 9 мыңнан астам контейнер көмек алған болуы мүмкін", - деді министр.
Sky News телеканалы атап өткендей, Шин Вон Сик бұл туралы Солтүстік Корея Жапон теңізін қысқа аралыққа ұшатын баллистикалық зымыранын ұшырғаннан кейін бірнеше сағат өткеннен кейін білдірді.
Осыған дейін АҚШ пен Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяны Ресейге снарядтарды және басқа әскери заттарды жөнілтті деп айыптаған. Бұл айыптауларды Мәскеу де, Пхеньян да мойындамаған.
Ақпан айында The New York Times газеті Ресей оқ-дәрілер бергені үшін Солтүстік Кореяның әлемдік қаржы жүйесіне кіруге жол ашып, БҰҰ-ның санкциясына түскен Солтүстік Корея активтерінің бір бөлігін қамаудан шығарғанын хабарлаған.