Ссылки доступа

Содырлар сапына қосылған тәжіктердің дені кезінде Ресейде еңбек мигранты болған


Соғыс ошақтарында терроршы топтарға қосылған тәжікстандықтардың 85 пайызы Ресейде еңбек мигранты болған.

Бұл туралы Тәжікстан ІІМ академиясының екі мұғалімі Хаёт Сафарзода мен Шохрух Ахьёзода дайындаған мақалада айтылады. Материал академияның фейсбуктегі "Жастар кеңесі" тобында 31 тамызда жарияланған.

Қылмыстық істермен танысқан авторлар Ресейде тәжік жастарының 90 пайызына жуығы экстремист топтардың, "желідегі имамдардың" ықпалына ұрынған. Мұндай қорытындыны тексеру қиын, себебі жастардың көбісінің Ресейге барғанға дейін дін туралы мағлұматы болған.

Ресми мәліметтерге қарағанда, 2014 жылдан бастап Тәжікстанның 2000-ға жуық азаматы Ирак пен Сириядағы терроршы топтарға қосылған. Сол жылдары "Ислам мемлекеті" мұсылмандарды өз қатарына шақырған. Радикал топтарға қосылған тәжік азаматтарының дені соғыста қаза тапқан, олардың әйелдері мен балалары Ирак пен Сириядағы түрмелерде, лагерьлерде отыр. Биыл наурызда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон үш жылда елдің 24 азаматы ондаған елде теракт жасағаны немесе соған дайындалғаны үшін ұсталғанын айтқан.

Жылда Тәжікстанның 1 миллионға жуық азаматы Ресейге жұмыс істеуге кетеді.

XS
SM
MD
LG