Ссылки доступа

Түркіменстан билігі этникалық қазақтар мен өзбектердің балаларды ана тілінде оқыту ұсынысын қабылдамады


Түркіменстандағы оқушылар
Түркіменстандағы оқушылар

Түркіменстанда тұратын аз ұлт өкілдері, солардың ішінде этникалық өзбектердің балаларды ана тілінде оқыту жөніндегі ұсынысын билік биыл да қабылдамады.

Биліктің "түркімендендіру" саясатының салдарынан аз ұлттар тұратын ауылдар қаңырап бос қалған. Бұл уақытта өңірлердің кейбірінде ағылшын, француз, неміс, араб, қытай, жапон, парсы және итальян тілдерін оқыту қолға алынып жатыр.

Лебап және Дашоғыз уәлаяттарындағы этникалық өзбектер балаларына ана тілінде білім алуға жағдай жасауды сұрап, жергілікті билікке ұсыныс тастаған. Бірақ олардың өзбек сыныптарын ашу ұсынысы қабылданбады.

Өзбекстан мен Тәжікстанда этникалық түркімендер ана тілінде білім алады, ал Түркіменстанда аз ұлттар ана тілінде оқитын сынып ашу үшін биліктен рұқсат сұрап жүр.

Ресми мәлімет бойынша, Дашоғызда биыл 34 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады.

Билік өзбек тілінде ғана емес, басқа да тілдерде сыныптар ашуға қарсы болып отыр.

Түркіменстанда қазақ, татар, корей секілді аз ұлттар тым құрығанда орыс тіліндегі сыныптар ашуды сұраған, алайда билік рұқсат бермеген. Лебап уәлаятында татар, орыс, украин және басқа да этникалық топтар орыс сыныптарын аштыра алмады. Балқан уәлаятындағы этникалық қазақтар да қазақ сыныптарынсыз қалды.

Түркіменстан билігі "азаматтарды нәсіліне қарай алалауға қарсы" екенін мәлімдеп, халықтар достығы саясатын үздіксіз жүргізіп отыр, алайда елдегі аз ұлттар "түркімендендіру" науқанына біртіндеп тартылып жатыр.

XS
SM
MD
LG