Ссылки доступа

Тәжікстанда банкирдің өлімі бойынша өмір бойы сотталушының анасы 13 жылға кесілді


Соджида Саидмуродова және оның ұлы Дилшод
Соджида Саидмуродова және оның ұлы Дилшод

Тәжікстанның Жоғарғы соты "Ориёнбанк" басшысының бұрынғы орынбасарын өлтірді деген айыппен өмір бойы түрме жазасына кесілген Дилшод Саидмуродовтың анасы Соджида Саидмуродованы 13 жылға еркінен айырды.

65 жастағы Саидмуродова "Ірі көлемде алаяқтық жасау", "Жалған құжат жасау", "Жер учаскесін басып алу", "Тергеу істеріне тосқауыл қою" баптары бойынша кінәлі деп танылды.

"Озоди" радиосы мәліметіне қарағанда, 65 жастағы Соджида Саидмуродова зейнеткер, еш жерде жұмыс істемейді.

Биыл наурызда Тәжікстанның Жоғарғы соты "Ориёнбанк" басшысының бұрынғы орынбасары Шухрат Исматуллоевты өлтірді деп айыпталған 14 адамның бесеуін өмір бойы түрме жазасына кескен. Олардың арасында Соджида Саидмуродованың ұлы Дилшод Саидмуродов та болған.

XS
SM
MD
LG