Ссылки доступа

Өзбекстан жоғары оқу орындарында түркімен тілінде оқу үшін 60 квота бөлінді


Өзбекстанда жоғары оқу орындарының бірқатарында 2024-2025 оқу жылы түркімен тілінде білім алатын студенттер үшін 60 орын бөлінді. Оқу мемлекет бюджетінен қаржыландырылады. Бұл туралы «turkmen.news» басылымы хабарлады.

Осы жаңалық Түркіменстандағы аз ұлттардың ана тілінде білім алу құқығына назар аудартты.

«Қарақалпақ мемлекеттік университеті «филология: түркімен тілі» бойынша 25 орын бөлді» деп хабарлады басылым. Бұған қоса, Нөкіс педагогикалық институтында түркімен тілді студенттер үшін он орын, түркімен тілі және әдебиеті пәні үшін 25 орын бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Өзбекстандағы жоғары оқу орындары түркімен тілінде оқыту үшін 79 квота бөлген.

Өзбекстан статистика жөніндегі мемлекеттік комитет мәліметінше, бір ғана Қарақалпақстан Республикасында 100 мыңнан аса этникалық түркімен тұрады.

Түркіменстан үкіметі елді мекемендеген аз ұлттар, оның ішінде өзбектер туралы ресми мәлімет жарияламай отыр. «Daryo.uz» басылымының мәліметінше, Түркіменстанда шамамен 300 мың этникалық өзбек бар.

Алайда Түркіменстандағы аз ұлттар үшін ана тілінде білім алу мүмкіндігі жоқ.

«Бізге де өзбек тілінде оқытатын мектептер ашып, өзбек тілділер үшін квота бөлу қажет» дейді Түркімен мемелекеттік педагогикалық институының бір мұғалімі.
Түркімен билігі жүргізіп отырған саясат салдарынан елдегі аз ұлттар өз тілінде білім алу ғана емес, көптеген мәдени құқықтарын айрылып қалды.

Түркіменстанда белуджа, татар, орыс, армян, қазақ және өзбек ұлтының өкілдері тұрады. Олардың нақты саны туралы ресми дерек жоқ.

XS
SM
MD
LG