Ссылки доступа

Түркіменстанда Азаттық радиосымен қызметтескен журналист қаза болды


Худайберди Аллашов
Худайберди Аллашов

Түркіменстанда Азаттықтың түркімен қызметімен әріптестік жасаған журналист Худайберди Аллашов қаза болды.

Дереккөздің айтуынша, ол көптен бері сырқаттанып жүрген. Оның денсаулығының нашарлауына, түркімен билігінің тынымсыз қуғындауы себеп болған.

35 жастағы журналистің денесі өзі туып-өскен Кёнеургенч қаласында жерленді. Артында әйелі мен екі кішкентай баласы қалды.

Аллашов Азаттықпен 2016 жылымен қызметтесіп, азаматтарды мақта теруге мәжбүрлеу, азық-түлік жетіспеушілігі және мемлекеттік қызметкерлердің айлығын кешіктіріп беруі секілді проблемаларды жазған.

Желтоқсанда құқық қорғау органдары оның радиомен жұмыс істегенін біліп, анасы екеуі насыбай сақтау бойынша жалған айыппен қамауға алынған.

Онда анасы мен ұлы жергілікті полиция бөлімінде азапталғаны хабарланған. Бұдан кейін журналистің әйелі тергеуге шақырылған.

Шетелдік дипломаттардың және халықаралық ұйымдардың араласуымен Аллашовтың анасы 2017 жылдың ақпан айында босатылған. Түркіменстан заңдарында насыбай сақтау үшін жауапкершілік жоқ екеніне қарамастан, сол оларды шартты түрде үш жылға еркінен айырды.

Аллашов бостандыққа шыққаннан кейін түркімен қызметімен әріптестігін тоқтатты. Бірақ құқық қорғау органдары оған қарсы қысымды жалғастыра берген.

2019 жылдың қазан айында журналист тағы да ұсталып, азапталғаны айтылды. Осыдан кейін оның шешесі ұлының басындағы жағдайды көтере алмай қаза тапты.

Былтыр мамыр айында жергілікті шенеуніктер Аллашоев пен оның әйелін қатты сабап, Эжеш Аразгылыжева ауруханаға жеткізілген. Журналистің өзі де медициналық көмекке мұқтаж болып, дәрігерлерге жүгінген.

XS
SM
MD
LG