Ссылки доступа

Татарстанда екі әуежай уақытша жабылды


Қазан әуежайы
Қазан әуежайы

Татарстанда Қазан мен Нижнекаменскідегі екі әуежай 15 мамырда уақытша жабылды. Мұндай шешім жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Бұл туралы Росавиация хабарлады.

«Әуе көліктерінің экипаждары, диспетчерлер және әуежай қызметтері ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күшін салып жатыр. Қауіпсіздік – бәрінен маңызды» деп жазды мекеме өкілі.

Ресей билігі әуежай жұмысын әдетте дрондар шабуылы кезінде уақытша тоқтататыны мәлім.

"База" телеграм-арнасының мәліметінше, Татарстанда 15 мамырда бір дрон атып түсірілген.

Кейін Ресей қорғаныс министрлігі «ұшақ тәріздес» украин дроны аймақта атып түсірілгенін мәлімдеді.

2024 жылғы сәуірде Татарстан Украинада соғыс басталғалы алғаш рет дрондармен атқыланған. Шабуылдар «Алабұға» ерекше экономикалық аймағы мен Нижнекаменскідегі мұнай өңдеу зауытына жасалған.

XS
SM
MD
LG