Ссылки доступа

Тәжікстанда оқтан тағы бір сарбаз қаза тапты


Тәжік-ауған шекарасында оқ тиіп, бір шекарашы қаза тапты.

Тәжік билігі Фархор ауданында 19 жастағы жауынгер Хакимжон Самадов өз өміріне қол салғанын, әскери бөлімше командирлерінің бірі "қызметін асыра пайдалану" айыбымен ұсталғанын мәлімдеді. Оқиға 5 шілдеде жауынгер күзет мұнарасында тұрғанда болған.

"Озоди" радиосы қауіпсіздік күштеріндегі екі бірдей дереккөзге сүйеніп, жауынгердің иегіне оқ тигенін және "алдын ала тергеу нәтижесінде ол өз өмірін қиды деген шешімге келгенін" хабарлады.

Бірақ марқұмның туыстары бұл шешіммен келіспей, істі қайта тергеуді талап етіп, әскери прокуратураға арыз жазған.

Жауынгердің әкесі ұлының азаптаудан қайтыс болғанын, денесінде көгерген дақтар болғанын айтады.

Хакимжон Самадов Тәжікстанның Қарулы күштері қатарына былтыр күзде шақырылған.

Тәжікстан Омбудсмені 2023 жылы әскери бөлімшелерде 40 сарбаздың қайтыс болғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG