Сот Ашуровты осы бап бойынша кінәлі деп тапса, онда ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
«Бірнеше жыл бұрын ол Худжанд тұрғынының сеніміне кіріп, төрт қабатты дүкенді сату үшін 320 мың доллар алған. Бірақ ол дүкенді басқа біреуге сатып жіберіп, алған ақшасын қайтармаған» дейді Шарифов.
Муким Ашуров пен оның адвокатының пікірін білу мүмкін болмай отыр, туыстары да баспасөз өкілдерімен сөйлесуден бас тартты.
Муким Ашуров туралы мәлімет аз. Ресми мәліметтерге қарағанда, ол Бободжон Ғафуров ауданында тұрады.
Ашуровты ел премьер-министрі Кохир Расулзоданың құдасы деп атайды. Күдіктінің ұлы Парвиз Ашуров лауазымы жоғары шенеуніктің үлкен қызына үйленген.
Осының алдында ғана Кохир Расулзоданың жақын туыстарының Дубай, Душанбе және Худжандта жылжымайтын мүлкі туралы журналистік зерттеу жарияланған. Осы материал әлеуметтік желілердің тәжік сегментіне қызу талқыланған.
Кохир Расулзода Тәжікстан премьер-министрі қызметін 2013 жылдан бері басқарып келеді.