Мектептерді жөндеуді қолға алған жұмысшылар жаңа оқу жылына дейін аяқтаймыз деп уәде беріп жатыр. Оның шығынын ата-аналар мен еңбек мигранттары алған. Құрылыс асарлатып жүріп жатыр.
"Асарға Дархон ауылының тұрғындарының бәрі қатысып жатыр. Тіптен арасында диқандар да бар. Биыл бірінші қабатты жаңа оқу жылына дейін аяқтап, келесі жылы екінші қабатын салып бітіреміз деген ой бар",- дейді мектеп мұғалімі Хусейнхон Каюмов.
Бұл мектептердің бірі совет заманында салынған.
Жергілікті шенеуніктер ауданда бірнеше мектеп мемлекет есебінен және халықаралық ұйымдар есебінен салынып жатыр дейді. Бірақ жергілікті тұрғындардың өздері жөндеп жатқан мектептер саны билік жөндеп жатқан мектептерден көп.