Ресейлік дипломаттар бұл көрініс "жүйелі түрде" сипат алып жатқанын айтты. Елшіліктің баспасөз қызметі Түркияның сыртқы істер министрлігіне жөнелткен ресми нотаға ешқандай реакция болмай жатқанын жеткізді.
Shot Телеграм-каналының мәліметіне қарағанда, соңғы айларда Түркиядан Латын Америкаға ұшып кете алмай жатқан ресейліктер саны мыңға жетті.
Мамандар әуе компаниялар туристер емес, Мексика арқылы АҚШ-ға барғысы келетін мигранттар болуы мүмкін деп қауіптенеді. Егер миграция қызметі жолаушыларды елге кіргізбей қойса, олардың қайту билетін әуе компания төлеп беруге міндетті болып қалады.