Бұл туралы 11 маусымда америкалық телеарналардың бірнешеуі хабарлады. ABC News телеарнасы америкалық құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенген. Дереккөздер мәліметінше, ұсталғандардың бәрі АҚШ-қа оңтүстіктегі шекара арқылы елге кірген. Алғашқы тексеру барысында күдікті ештеңе табылмаған. Оларға АҚШ-та қалуға рұқсат етілген.
Тәжік азаматтарын жергілікті көші-қон тәртібін бұзғаны үшін ұстаған. Күдіктілерге теракт жасауға дайындалды деген айып әзірге тағылмаған. Қазір АҚШ билігі оларды елден депортациялауға дайындалып жатыр.
Кейінгі екі жылда Тәжікстанның жүздеген мигранты АҚШ-қа Мексика арқылы заңсыз кіріп, сол елден баспана сұраған. Бірақ жақында ғана жергілікті билік иммигранттардың елге кіру тәртібін қатаңдатты.