Атыс Акрон қаласында түн ортасында болған. Жергілікті басылымдардың мәліметіне қарағанда, оқиға болған жерден ондаған оқ және қару табылған. Қамауға алынғандар жөнінде әзірге мәлімет жоқ.
Акрон полициясы зардап шеккендердің арасында бірнеше адамның жағдайы ауыр екенін айтады.
АҚШ-та қару-жарақты бақылау бойынша пікір-талас жүріп жатыр. Былтыр қырыққа жуық атыс оқиғасы тіркеліп, адам өлімі болған.