«Жобада 16 палата белгіленген. Екі аймаққа бөлініп, біріншісінде перзентхана, екіншісінде 12 жасқа дейінгі балаларға арналған бөлім орналасады» дейді ауыл тұрғыны Аслиддин Тоджизода.
Құрылысты Ресейде жұмыс істейтін тәжік мигранттары қаржыландырып жатыр.
Екі мың тұрғыны бар ауылда амбулатория да жоқ. Әйелдер босану үшін көрші ауылға баруға мәжбүр.
«Келінімнің толғағы басталған уақытта қыс еді. Жарық жоқ. Әзер дегенде перзентханаға жеткіздік. Сонда босанды. Перзентхана ауылда салынса, тұрғындарға оңай болар еді» дейді ауыл тұрғыны Зироат Сохибова.
Ауылға ең жақын орналасқан амбулатория бес шақырым жерде орналасқан.
Тұрғындар аурухана құрылысын аяқтаған соң оны мемлекетке өткізеді. Билік маман тартуы тиіс. Дәрігерлер ауылға аса қажет.