Мәліметті Израиль армиясы мен қауіпсіздік қызметі растады.
ЦАХАЛ дерегінше, Әмір Хания ХАМАС әскери қанаты эскадронының командирі болған. Оның екі бауыры – Мұхаммад пен Хазем Хания да әскери топтарға жетекшілік еткен.
Исмаил Хания балалары мен немерелерінің өлгенін растады. ХАМАС жетекшісі балаларының қаны «халқының кез-келген мүшесінен артық еместігін» мәлімдеп, балалары мен немерелерін «шейіт болды» деді.
Ханияның «Әл-Жазира» медиакомпаниясына хабарлауынша, туыстарының қазасы ХАМАС жетекшілігіне жоспарларынан бас тартуға мәжбүрлемейді, сонымен бірге Израильмен бітімге келуге қатысты ұстанымына әсер етпейді.
62 жастағы Ханияның 13 баласы бар. Ол Газа секторында емес, Катарда тұрады.