ТАСС хабарлағандай, ол "Терроризмді ел алдында ақтау" бабы бойынша кінәлі деп танылған.
Айыптаушы тарап Стоунды жеті жылға еркінен айыруды талап етті. Адвокат оны ақтауды сұрады. Заңгердің айтуынша, сараптама Стоунның мәлімдемесі орыс армиясына қарсы бағытталмағаны анықталған. Адвокат сонымен бірге Стоун басқа елдің азаматы екенін атап өткен. Ол сот шешіміне қарсы шағымданатынын жеткізді.
Мета компаниясы "орыс басқыншыларына өлім тілеген" пікірлерді жазған украиналық қолданушыларды бұғаттаудан уақытша бас тартқан. Компанияның бұл шешімін Стоун жариялады.
Көп өтпей Кремль Фейсбук пен Инстаграмды Ресей аумағында жауып, Мeta компаниясын "экстремистік" деп таныды.
Бірақ Ресей қолданушылары әлеуметтік желілерді VPN арқылы пайдаланып келеді.
Ресей Украинаға 2022 жылыдң ақпанында соғыс ашқан.