Тиісті заң жобасы думаға енгізіліп, оны Рособрнадзор мекемесі қолдады.
Ресей президенті жанындағы үздіксіз экономикалық зерттеу институты жүргізген әлеуметтік сауалдарға сәйкес, Ресейдегі мұғалімдердің 53% мигранттардың балаларына орыс тілін оқытуда проблема бар деп көрсеткен.
Ресейде тұратын мигранттар осыған дейін сыныптар толып қалды деп балаларын мектепке қабылдамай жатыр деген мәселе көтерген. Енді олардың айтуынша, аталған заң жобасы қабылданатын болса, балалары мектептерде мүлдем білім ала алмай қалуы мүмкін.