Ссылки доступа

Ресейде YouTube дұрыс жұмыс істемей тұр


Ресей аумағында YouTube видео-хостингі жөнді ашылмай тұр. Бұл туралы "Сбой.РФ" басылымы хабарлады. 1 тамызға қарай желі қолданушылардың шағымы көбейе түсті.

Интернет қолданушылар iOS пен Android, сонымен бірге қарапайым браузерде YouTube дұрыс ашылмай тұрғанын айтты.

Сервис мәліметінше, Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір облысы мен Краснодар өлкесінде шағым көбейген.

Шілде айында дума депутаты Александр Хинштейн жақында елде YouTube жылдамдығы 70 пайызға төмендейді деп мәлімдеп, видеохостингтің «Ресейге қарсы саясатын» сынаған.

Ресей Украина аумағына басып кіргеннен кейін Кремль сөзін сөйлейтін арналардың дені YouTube хостингінде бұғатталған. Оппозициялық медиа еш кедергісіз жұмыс істеп тұр.

Ресей СІМ ел азаматтарына YouTube-тен бас тартып, Rutube-ке көшуге кеңес берген.

XS
SM
MD
LG