Ссылки доступа

Си Цзиньпин ресми сапармен Қазақстанға келеді


Си Цзиньпин
Си Цзиньпин

Қытай лидері Си Цзиньпин 2-6 шілде күндері Қазақстанға және Тәжікстанға барады. Бұл туралы Қытайдың сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Си Цзиньпин Астанада Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мемлекет басшыларының саммитіне қатысады. Одан соң қытай лидері Душанбеге барады.

Си Цзиньпин Қытай мен аймақтағы елдердің арасында бірқатар инфрақұрылымдық келісімдерге қол қойылған кезде Орталық Азияға бара жатыр.

2001 жылы құрылған ШЫҰ-ға Қытай, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан, Иран және Пәкістан мүше.

Ұйымның 3-4 шілдеде Астанада өтетін саммитінде экономикалық және энергетикалық мәселелер талқыланып, Ресейдің Украинадағы соғыстан кейінгі геосаяси жағдайлар да сөз болады деп күтіледі.

Сарапшылар бұл ұйымда Қытай мен Ресей үстемдік ететінін айтып отыр. 2022 жылдың ақпан айында Украинада соғыс басталғалы бері Қытай мен Ресейдің қарым-қатынасы тереңдеген. Ресей президенті Владимир Путин бесінші президенттік мерзіміне кіріскеннен кейін шетелге алғашқы сапарын Қытайдан бастаған.

XS
SM
MD
LG