"Медиазона" мәліметінше, екі саясаткерді сырттай соттау жөніндегі отырыс мамыр айының соңында болған.
"Гадоев пен Садриддинге іс қозғау не үшін керек болды, белгісіз. Екеуі де Ресейде іздеу жарияланды", - деп жазады басылым.
Шарофиддин Гадоев Тәжікстанда тыйым салынған Ұлттық альянстың төраға орынбасары. Өзінің айтуынша, мұның бәрі Украинаны қолдаған үндеулеріне байланысты.
"Украинаға қолдау білдіруіме қарсылық ретінде бірнеше рет қоқан-лоқы болған. Олар маған қауіпсіздік қызметкерлері Еуропада жүрген жеріңде өлтіреміз деп қауіп төндірді. Ресейдің маған қарсы қозғаған ісі 2022 жылдың қараша айында Украинаға барған сапарымен байланысты болды", - дейді Шарофиддин Гадоев.
Қазір екі саясаткер де Еуропадан саяси баспана алған. Мухаммадикбол Садриддин "Ислох" сайтының редакторы.
"Мен Украина жөнінде өте сирек айтамын. Бұл жерде тәжік билігінің ықпалы көрініп тұр. Біз мигранттарға қолдау көрсеттік", - деді Мухаммадикбол Садриддин.
Былтыр Ресей ондаған тәжік белсендісін ұстап, Душанбеге берген.