Агенттік мәліметіне қарағанда, бұл факт бойынша қорғаныс министрлігінің және басқа мемлекеттік мекемелердің 52 жауапты қызметкеріне қылмыстық іс қозғалған. Бүгінгі күні олардың тоғызы Жоғарғы соттың қарауына жіберілген.
Аталған агенттіктің тергеу басқармасы басшысы Насриддин Низомзоданың сөзінше, ұрланған қаржы әскерлердің тамағы, киім-кешегі және елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен бөлінген.
"123 миллион сомониден астам соманың 93 миллион сомониі мемлекеттік бюджетке қайтарылды", - деді Низомзода.
Агенттік мәлімдемесінде бұл іс бойынша қамалғандардың аты-жөні көрсетілмеген.
Тәжікстан Transparency International халықаралық ұйымның жемқорлық бойынша жариялаған соңғы баяндамасында 180 елдің ішінен 162 орында тұр.