Ссылки доступа

Қырғызстанда сексолог блогердің сөздеріне мүфтият ескерту жасады (видео)


"Секс вне брака не грех?" В Кыргызстане скандал между Духовным управлением мусульман и секс-блогеркой
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:24 0:00

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының блогер Айнұр Сағынбаеваға қатысты сөздері қоғамда әртүрлі пікір туғызды.

Муфтият Сағынбаеваны дін жөніндегі пікірімен "исламды ашық бұрмалап жатыр" деп айыптап, бұл сөздерін тоқтатпаса, тиісті органдарға шағымданатынын ескерткен.

Әлеуметтік желілерде блогерлі қолдағандар да, айыптағандар да табылып жатыр.

Өзін косметолог, психолог және сексолог ретінде танытып жүрген блогер Айнұр Сағынбаева соңғы кездері дін туралы пікірін білдіріп жүр. Соңғы видеосында ер адамдар некесіз жыныстық қатынасқа барса, күнә емес деп, ол "денсаулығы үшін керек" деген ойын айтқан.

Бұған қатысты көп өтпей Қырғызстанның мұсылмандары діни басқармасы пікір білдірді.

"Сағынбаеваның ислам ережелеріне және әдет-ғұрыпқа қарсы атқан пікірлері орынсыз. Егер ол шариғат негізіне және ұлттық дәстүрге симайтын пікірлерін айтуды тоқтатпаса, тиісті органдарға шағымдануға мәжбүр боламыз", - деп ескертеді мүфтият.

Айнұр Сағынбаеваның Инстаграмдағы парақшасына 740 мыңнан астам, Фейсбукта 64 мың адам жазылған. Ютубтағы видеоларын мыңдаған адам көреді.

Блогер мүфтяттың ескертуінен кейін "жазғандарын өшіріп, ТикТокты жабатынын" мәлімдеді.

"Бірақ онымен шындық жабылмайды. Маған не түрткі болды? Қоғамдағы көп дүниеге көзім ашылды, бірақ үндемей қоя алмадым. Психологияны іздеуді тоқтатпаймын, бұдан әрі қарай да ізденемін. Шын мәнінде менің ойым қоғамда соншалықты маңызды деп ойламадым", - деп жазды ол Фейсбук парақшасына.

"Мен басында тек психолог ретінде блог жүргізе бастадым. Кейін біздің елде отбасылық өмірге қатысты көп проблема барын түсіндім. Маған төрт жылдан бері өте көп ер адамдардан түрлі хат келеді. Қазір бұл тақырыпта ешкім қырғыз тілінде мәлімет бермейді. Мүфтияттан осында реакция болатынын болжағам. Мен қазіргі жағдайды сараптап, "күнә емес" деген сөзден жаңылғанымды түсіндім. Шын мәнінде дінге сенген адамдардың сезіміне өте мұқият мәміле айту керек. Бәлкім, мен "күнә емес" дегеннің орнына "керек" деп айтсам жеткілікті болушы еді", - деген ойын білдірді "Настоящее время" телеканалына.

Заңгерлер сөз еркіндігі жөнінде де ұмытпау керек екенін, блогер парақшасына жеке пікірін білдіргенін айтып жтыр.

"Жеке мен блогер Айнұр Сағынбаеваның әрекеттерінен қандай да бір діни сенімге қарсы дұшпандықтың элементтерін көріп тұрғаным жоқ. Ол көбінде медицина тұрғысынан айтқан", - дейді заңгер Таттуубүбү Эргешбаева.

Брак или секс-туризм? Богатые иностранцы покупают временных жен при помощи брака на одну ночь
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:57 0:00
XS
SM
MD
LG