Ссылки доступа

Тәжікстанда екі отбасының бірнеше мүшесін бір түнде өлтіріп кетті (видео)


В Канибадаме убиты члены двух семей - таджиков и этнических кыргызов
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:04 0:00

Тәжікстанда Соғды облысының құқық қорғау органдары тәжік және этникалық қырғыз отбасыларының алты мүшесін өлтіру қылмысына қатысты істі қарап жатыр.

29 мамырға қараған түні Канибадам қаласындағы Санджидзор қышлағында екі отбасының алты мүшесін өлтіріп кетті. Қоғамды дүрсілкіндірген қылмысқа қатысты ресми мәлімет жарияланбады.

Кейінгі үш айда ғана Канибадам қаласында кем дегенде төрт отбасы қара жамылған. Қылмыскерлер бостандықта жүр.

Азаттықтың Тәжік қызметінің мәліметінше, тәжік отбасында үш адам тұрған. Марқұмдардың туыстары олардың денелерінде азаптау іздері қалғанын айтып отыр.

Қырғыз отбасында да үш адам болған. Олардың бәрін өлтіріп кеткен.

Құқық қорғау органдары әзірге осы іске қатысты ресми мәлімет беруге асықпай отыр. Қышлақ тұрғындары қылмыс болған үйлерден ақша мен мүлік жоғалғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG