Ссылки доступа

Калькуттада наразылық акциясын өткізуші дәрігерлер жұмысқа шығудан бас тартты


Дәрігерлер ереуілі
Дәрігерлер ереуілі

Үндістанның Калькутта қаласында медицина қызметкерлері дүйсенбі күні наразылық акциясын доғарудан, жұмысқа шығудан бас тартты.

Қалада медициналық көмек көрсету 9 тамызда тоқтаған. Сол күні 31 жастағы дәрігердің қалалық ауруханада зорланып, өлтірілгені мәлім болған. Марқұмның әріптестері биліктен қылмысты тез арада ашуын, қауіпсіз жұмыс істеуге жағдай жасауын талап етіп отыр. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Күдікті ұсталған. Наразылық акциясына қатысқан әйелдер елде заң күшейгеніне қарамастан, әйелдерді зорлауға қатысты қылмыстар тыйылмай тұрғанын айтты.

2012 жылы Үндістанда жаппай наразылық акциясы өткен. Оған 23 жастағы студент қызға Делидегі автобуста жасалған шабуыл себеп болған. Бір топ адам оны зорлап өлтірген.

Дүйсенбі күні наразылық акциясына қатысушылар ереуіл үкімет тиісті шара қолданғанша жалғаса береді деп жариялады.

XS
SM
MD
LG