Ссылки доступа

Хорватияда қарттар үйінде болған атыстан алты адам қаза тапты


Хорватияның солтүстігіндегі Дарувар қаласындағы қарттар үйінде атыс болып, алты адам қаза тапты. Күдікті ұсталған. Қаза болғандардың арасында күдіктінің анасы да бар делінеді.

Оқиға 22 шілдеде таңертең болды. Шабуыл жасаушы ғимаратқа қаруымен кіріп, анасына және ондағы қызметкерлерге қарсы оқ атқан. Бес адам сол жерде жан тәсілім етсе, алтыншы адам ауруханада көз жұмған. Večernji list газетінің жазуынша, қайтыс болғандардың орта жасы 90-да.

Құрбандардың саны одан да көп болуы мүмкін. Себебі, ауруханаға ондаған адам жеткізілген. Олардың арасында екеуінің жағдайы өте ауыр.

XS
SM
MD
LG