Палестиналық ХАМАС радикал ұйымы Израильді Газа секторына соққы жасау арқылы атысты доғару жөніндегі келісімге нұқсан келтірді деп айыптады. Израиль Газаны жиһадшылардан тазартып жатырмыз деп мәлімдеді.
Газа секторының оңтүстік шекарасындағы Рафах қаласында бес палестиналық әуе соққысынан опат болды. Бұл туралы палестиналық дәрігерлер хабарлады. Рафахқа жақын маңдағы Хан-Юнис қаласында екі бала мен ата-анасы мерт болған.
Сейсенбі күні Израильдің әуеден жасаған соққысынан автобус ішінде отырған кем дегенде 17 палестиналық қаза болып, 26 адам жараланған.
Газа секторында адам өліміне қатысты мәліметтерді тәуелсіз дереккөздер көмегімен тексеру мүмкін болмай отыр.