10 маусымға қараған түні архиепископ Баграт Галастанян бастаған наразы топ парламент ғимаратын қоршады. Сол жерде полиция мен наразы топ қақтығысып қалды.
Кейін акцияға қатысушылардың бірқатары Прошян көшесіндегі үкімет саяжайларына қарай беттеді. Сол жерде де оларды күш құрылымдары күтіп тұрды. Таңға жуық екі топ парламент ғимараты маңына топтасты. Қазір парламент ғимараты алдындағы жолайрық жабық. Сол жерге наразы топ қосын тікті.
Наразылық акциясын «Отан үшін тавуш» қозғалысы ұйымдастырды. Бірлестік жетекшісі және Тавуш епархиясының басшысы Баграт Галстанян 10 маусымда мойынсұндау акциясын бастап, билікке «өз талабын өткізу үшін» 96 сағат бойы наразылық акциясын өткізуге үндеді.
Армениядағы наразылық акцияларына үкіметтің Әзербайжанға шекарадағы бірнеше ауылды беруге уәдесі себеп болған. Тараптар шекараны делимитациялау жөніндегі құжатқа сәуірдің аяғында қол қойған. Шекараны анықтау ісі Тавуш өңіріндегі төрт ауылдан басталуы керек болған.
Саясаткер Сергей Мелконянның айтуынша, ол ауылдарда 1980-жылдардағы қақтығыстан бері ешкім тұрмайды. Қазір ол ауылдар екі ел армиясының арасындағы бейтарап аймақта орналасқан. Наразы топқа Никол Пашинян мен оның үкіметінің жаңа соғыс тұтанғанынан сескеніп, шекарадағы ауылдардың бірқатарын көрші елге беріп жатқаны ұнамай отыр.