Ссылки доступа

Душанбеде "Группа 24" лидері мен оның серігінің соты өтіп жатыр


Насимджон Шарифов (сол жақта) және Сухроб Зафар
Насимджон Шарифов (сол жақта) және Сухроб Зафар

Душанбеде  "Группа 24" қозғалысының лидері Сухроб Зафар мен оның серігі Насимжон Шарифовтың соты жабық өтіп жатыр. Бірінші отырыс 18 қыркүйекте жақындарының қатысуынсыз өтті. Қорғаушылары жайлы мәлімет жоқ.

Туыстары сот отырысына қатысуға әрекет еткен. Бірақ рұқсат етпеген. Ұйым белсенділері жабық өтіп жатқан сот адам құқықтарының бұзылуы және тәжік билігінің саяси қысымының мысалы екенін айтады.

Екі белсенді Түркияда тұрып, былтыр ұсталған. Оларға конституциялық құрылымды күшпен бұзуға әрекет етті деген айып тағылған. Олар мұны теріске шығарады.

"Группа 24" тобын 2015 жылы өлтірілген Умарали Кувватов негізін қалаған. Тәжікстанда экстремистік ұйым деп танылған.

XS
SM
MD
LG