Ссылки доступа

Душанбедегі турнирге дзюдо жұлдызы Тедди Ринер келеді


Тедди Ринер
Тедди Ринер

Тәжікстан астанасында 3-5 мамыр аралығында Үлкен дулыға сериясындағы турнир - Dushanbe Grand Slam 2024 өтеді.

Париж Олимпиадасы қарсаңындағы іріктеу кеңезінде ұйымдастырылатын осы жарысқа әлемнің мықты дзюдошылары қатысады. Олар олимпиадаға жолдамаға, әлем рейтингіндегі ұпайға таласады.

Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметінше, турнирге әлемнің 72 елінен 446 спортшы қатысуға өтініш берген.

Олардың арасында әлемге танымал атлеттер де бар. Мысалы, 35 жастағы Тедди Ринер Франция атынан +100 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Ол әлем чемпионаттары тарихындағы ең атақты дзюдошы.

Тедди Ринер – үш дүркін олимпиада чемпионы (Лондон-2012, Рио-2016, Токио-2020), 12 дүркін әлем чемпионы.

XS
SM
MD
LG