Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметінің тілшісі билік органдарындағы бір-біріне қатысы жоқ екі дереккөзге, сонымен бірге шекаралас аудандардың тұрғындарына сүйене отырып хабарлады.
«Түркіменстан күш құрылымдары өзбек СИМ картасын ұстайтын азаматтарды белсенді түрде тексеріп жатыр» деп мәлімдеді тілші.
Түркіменстанның солтүстігі мен шығысында, Дашоғыз және Лебап уәлаяттарының шекаралас аудандарында өзбек операторларының мобильді байланысы ұстайды. Соларды пайдалану арқылы осы аудандардың тұрғындары түркімен билігінің шектеулерін айналып өтеді.
Ішкі істер органдарындағы дереккөздің айтуынша, өзбек СИМ карталарын Өзбекстанға жиі баратын түркімен азаматтары алып келеді. Тұрғындардың айтуынша, осындай карталар сатумен айналысатындар бар. Олар СИМ карта есебіне ақша аударуға да көмектеседі.
Ішкі істер органдарындағы дереккөздің айтуынша, түркімен билігі азаматтардың осындай СИМ карталар көмегімен тәуелсіз сайттарды оқып, батыстағы ұйымдармен байланыс орната алатыны алаңдатып отыр.
Түркіменстанда «Алтын Асыр» компаниясы ғана мобильді байланыс ұсынумен айналысады. Билік азаматтардың Интернетке қосылуын қатаң бақылауда ұстап отыр.
Түркімен билігі Өзбекстанмен шекаралас аймақтардың тұрғындарына өзбек ұялы операторларының мобильді байланысын тұтынғаны үшін қысым көрсетіп жатыр.