Ссылки доступа

Бангладештегі тәртіпсіздіктер кезінде ондаған адам қаза болды


Даккадағы қақтығыс
Даккадағы қақтығыс

Даккада наразы студенттер мен полиция арасындаағы қарсылық кезінде ондаған адам қаза болып, жүздеген адам жараланды. Мемлекеттік BTV телеарнасының ғимараты өртенді. AFP мәліметінше, мемлекеттік қызметке квота белгілеу жүйесіне қарсы наразылық барысында 32 адам қаза болған.

Бангладеш билігінің мәлімдеуінше, телекомпания ғимаратын наразы студенттер өртеген.

Телекомпанияның фейсбуктегі ресми парағында ғимарат ішінде адамдар қалғанын, сыртқа шыға алмай жүргені жазылды. BTV басшылығы өрт сөндіру қызметінен көмек сұрады.

Студенттер көшеге жүйені өзгертуді талап етіп шықты. Қазіргі жүйеде мемлекеттік сектордағы жұмыс орындарының үштен біріне 1971 жылы Пәкістаннан тәуелсіздік алу соғысына қатысқан ардагерлердің туыстары орналаса алады.

Бейсенбі күні билік елдегі мобильді интернетті өшіріп тастап, наразылық акциясының күшеюін тежегісі келді. Полиция көзден жас ағызатын газ, резіңке оқ қолданды. Наразы студенттер көшені жапты.

Бейсенбі күні кем дегенде 25 адам қаза болды. Осының алдында тағы жеті адам өлген. AFP мәліметінше, Бангладештегі наразылық барысында жүздеген адам жараланған.

XS
SM
MD
LG